"Жарқыра! Жолда айқынырақ болыңыз"

Балалардың жол жарақатын алдын алу айлығы аясында және 1-4 сынып оқушыларына жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалануын насихаттау мақсатында "Жарықтан! Жолда абай бол " акциясы өтті.
Қараңғы жолдың қауіпті және күтпеген жағдайларға толы екені ешкімге құпия емес.Әсіресе жаяу жүргінші балалар үшін.
Күзгі уақытта қараңғы ерте түсіп, ауа райының қолайсыздығынан жолды мұқият бақылау қиынға түседі. Тәуліктің қараңғы кезінде жаяу жүргінші нашар көрінеді.Сонымен қатар,жүргізушінің жолды толық көруі қиындайды.
Акцияның мақсаты - мектеп жасындағы балалардың жарық шағыластыратын киім киюін насихаттау.
Танымдық әңгіме барысында балалар жол қозғалысы ережелерін еске алып, «фликер» - қажетті нәрсе екенін білді. Бұл элемент қараңғыда жарқырап, адам жүргізушіге көрінеді.
Инспектор балалармен бірге күзгі сырт киімдегі, сөмкелердегі «фликерлерді» қарастырып, жарық шағылыстыратын заттарды тәуліктің қараңғы уақытында, бұлыңғыр күні мен түнде қауіпсіздендіре алатынын айтты. Алайда оның болуы - толық қауіпсіздіктің кепілі емес. Жол қозғалысы ережелерін сақтауды ұмытуға болмайды.
Акция барысында мониторинг жүргізіліп, «Ең жарық шағылыстыратын сынып» таңдалды. Акцияның нәтижесінде 2 «А» сынып оқушылары жеңімпаз атанды!